∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қазақтың ұзынқұлақ ертегісі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қазақтың ұзынқұлақ ертегісі
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Кенжеғали Есжанов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
676
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 7; Ж. 34; 20х16; 34х13
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Өткен заманда Түркістанда бір ұлы хан болған екен. Сол бір заманда еліне жар салып үш жұмбақ айтады, сол үш жұмбақгы баяндап тапқан жанға мың алтын беремін деп жариялайды. Күндердің күнінде бір шал келіп ханның үш ауыз жұмбағының мағынасын ашып береді. Хан оған сенбей «Саған жәрдем берген адамның атын айт, әйтпесе басынды алам», – дейді. Сол кезде шал қысылып, жұмбақты он жасар жалғыз қызы шешіп бергенін айтады. Сонда хан қызды әкел деп, қасына әскер қосып жібереді. Қызды көріп хан оған ғашық болады, үйленгісі келеді. Бірақ та бұл мақсатына жете алмайды, өйткені қыз ықтиярын бергенмен, ханға қойған шартын, айтқан сөздерін хан шеше алмайды.
13. Басы:
Қазақтың ұзынқұлақ ертегісін, / Қалдырған өткен күннің бір белгісін.
14. Соңы:
Оқып, естіп көрген адам түсінсін деп, / Шығарған осылай ғып бір кемеңгер.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек