∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шора батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шора батыр
3. Авторы (Айтушы)
Б. Өмірбекұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
К. Есжанов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қолжазбаның соңғы бетінде «Түркістан қаласы. Найман Өмірбекұлы Бекеннен көшірілді. 19.02.68 ж. дүйсенбі» деген жазу бар.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
732/10
8. Бет, жол саны, өлшемі
8; 16; 50; 20х28,5; 17,5х27
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Молда Мұса нұсқасындағы Шора мен Әлібидің кездесуінен басталады. Есім Шораны танымай, жөн сұрасады. Шора өзінің кім екенін білдірген соң, екі бауыр бір-бірімен жылап көріседі. Жеңгелері сүйінші сұрап, қуанып қарсы алады. Есім екеуі ақылдасып, Шора Садырдан кек алуға аттанады. Қалмақтардың шабуылынан Шора батыр Бабай Түкті Шашты Әзіздің қолдауымен аман қалады. Садыр Шорадан жеңіліс табады. Әлім хан Шораның ерлігіне риза болып, жалғыз перзенті Түймебикені әйелдікке бермек болады.
13. Басы:
Аяңдамай желесің…
14. Соңы:
Сасқанымнан жиылып
15. Қосымша мәлімет
Кейбір бетте өлең жолдарының асты сызылған. Парақтардың шетіне мәтінге қатысы жоқ жазулар, сандар жазылған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш