Нәрік батыр еліне өкпелеп, Қазаннан Үргеніштегі Ақша ханға көшіп барып, оның сенімді адамы болады. Нәріктің еңбегін ескерген хан ақылды, сұлу Меңсұлу атты қызды әйелдікке алып береді. Нәрік еліне қайтқысы келеді. Маңындағы арам пиғылды біреулер Нәріктің көзін құртуға Ақша ханды азғырып, оны Меңсұлуға қызықтырады. Меңсұлудың ақылдылығының арқасында хан райынан қайтады. Нәрік пен Меңсұлу Шора атты ұлды, Шырын атты қызды болады. Шора батыр тұлғалы болып ер жетеді. Бір баланы өлтіріп қойып, “қаңғыған Нәріктің баласы” деген сөз естиді. “Қазан қаласына жау шауыпты” деген хабарды естіп, Шора аттанбақ болады. Жолда ноғайлы елінен Құлыншақ батыр ереді, Мақтым атты сұлуға кездеседі. Шора мен Құлыншақ батыр Қазан қаласын жаудан азат етеді.