∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Заран сұлу, Әнжелең сұлудың хикаясы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Заран сұлу, Әнжелең сұлудың хикаясы
3. Авторы (Айтушы)
Сақи Базул
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сәрсенбек Түсіпұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Сәрсенбек Түсіпұлы 1913 жылы Троицкіде оқып жүргенде Ствмбулда басылған «Қырық сұлу» хикаясын оқып, жадында сақтап, кейін қазақша ертегі етіп қағазға түсірген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
700
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 90; Ж. 30; 18х20; 16х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ жол дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Ертегі
12. Қысқаша мазмұны
1. Заран сұлудың хикаясы. Ағзам шаһарының патшасы Қабыл Әкім 16 әйел алады, бірақ бір перзентке зар болады. Ақырында Сылқым сұлуды алып, Азат Бақи атты бір ұл көреді. Азат Бақи ержетіп, әкесі өлгеннен кейін таққа отырып, Дауіп шаһарының патшасы Ақжет Набидің қызы Заран сұлуды алады. Бұл ертегіде жалпы 20 сұлу қыздың хикаясы баяндалады. 2. Әнжелең сұлудың хикаясы. Атауран шаһарындағы ұры жігіт Сақауыр жастай жетім қалып, ұрлықпен, сиқыршылықпен айналысады.Осы өнерімен байып, даңқы шығып, Ақрам Заб патшаның жалғыз қызы Әнжелең сұлуды алып, кейін патша тағына отырады.
13. Басы:
Ерте өткен заманда Амауран шәрінің патшасы (Ақрам Заб) деген кісі таққа мініп халқына аса жақсы қарамай…
14. Соңы:
Бұдан соң Ахметәли дем алып, бір жақсы тұрмысқа жетіп, рахат күнін жайлап жата беріп еді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек