∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ханышайым

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ханышайым
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Еркін Құлпейісов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1125
8. Бет, жол саны, өлшемі
15; 23; 21х17; 18х11
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Бұл нұсқа ОҒК-ның сирек қорындағы “Наурызбайдың өлеңі” деген жырмен (1138 бума, Біләлұлы Уәлиахмет жинаған) ұқсас. Жырда жылқыны Ханышайымның алдына салып, келер күзде ұзатып алып кететін болып аттанады. Жыр осымен аяқталады. Ал, У.Біләлұлы нұсқасында артынан елін шақырып, үлкен той жасайды. Наурызбай және қасындағы жолдастарына жеке шатыр тігіп асты-үстіне түсіп күтеді. Ат бәйгесі, балуан, жамбы ату т.б. қазақтың ұлттық ойындарын қойып бәйге үлестіреді. Айтыс басталады. Қанышайым мен Науанның Қасым деген жігіті айтысып Қасым қыздан жеңіліп, намыстанып “күң” етем деп ант береді. Наурызбай қызбен сөйлесіп, қыз келісімін береді. Той тарқап, Қанышайымды Қасымға ұзатып, Наурызбаймен бірге ордаға жүреді. Кенесары мұны көріп, қуаныштан жарыла жаздайды. Мұса ерді патшадай күтеді. Тоғыз күн ат шаптырып той жасайды. Той тарқап, Мұса қайтуға Кенеден рұқсат сұрайды. Кенесары Мұсаның тоғыз қалауын беріп шығарып салады.
13. Басы:
Қолыма қалам алып хат жазайын, Бірталай заман болды ел тозғалы.
14. Соңы:
Ер Науан қош айтысып жүріп кетті, Оралып келеміз деп осы кезде.
15. Қосымша мәлімет
1990 жылы 24 мамырда “Орталық Қазақстан” газетінде жарияланған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш