∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

ﻭﺶ ﺒﺎﺘﺌﺭ / Үш батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
ﻭﺶ ﺒﺎﺘﺌﺭ / Үш батыр
3. Авторы (Айтушы)
Нұрсапа Сейтжанов (1903-1976) – жыршы. Бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданы, Таскескен ауылында тұрған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Зұфар Нұрсапаұлы Сейтжанов – фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (1990). 1941 жылы Тарбағатай аймағының Толы ауданында туған. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген. 1990 жылдан бастап ҚазМУ Қазақ филология факультетінің профессоры. Ғылыми еңбектері әдебиеттану мен фольклортанудың өзекті мәселелеріне арналған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз. Қорға 1978 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
846
8. Бет, жол саны, өлшемі
64; 18; 16х20; 7х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді қалың дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жырда керей руынан шыққан пірәдар Әбіл сопының үш ұлы – Ұлтарақ, Обырай және Әбубәкірдің өмірі мен ерлігі баяндалады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ағайындылар елмен бірге Қытай жеріне ауа көшеді. Көш кезінде олар Жырғалаң өзенінің өткелін күзеткен қытайдың жиырма бес шерігін жойып, елдің аман өтуіне мүмкіндік жасайды. Осы оқиғадан кейін үш батыр қытай билігінің қудалауына ұшырайды. 1933 жылғы Дөрбелжің–Шәуешек көтерілісіне қатысып, Обырай мен Ұлтарақ ерекше ерлік көрсетеді. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін олар қайтадан қуғындалады. Қуғыншылармен болған шайқастардың бірінде Әбубәкір қаза табады. Обырай елге жасырын оралғанда, әйелі Қауияның тұтқынға алынып, Жың қаласының түрмесінде отырғанын біледі. Достарының көмегімен әйелін түрмеден босатып шыққанымен, соңдарынан қуғын түседі. Қауияны аман алып қалу үшін Обырай жауды бөгеп қалып, соңғы демі қалғанша шайқасады. Көптеген шерікті жойған батыр ақыры қолға түсіп, халық алдында өлім жазасына кесіледі. Ұлтарақ та кейін қолға түсіп, ұзақ уақыт түрмеде азап шегіп, 1941 жылы Шәуешекте қайтыс болады.
13. Басы:
ﺍﻳﺘﺎﻴﺌﻦ ﺍﺯ ﺍﯕﮕﺋﻣﻪ ﺘﺌﯖﺪﺍﻏﺎﻧﻐﺎ٬ ﺠﻪﻞ ﺠﻪﺗﭘﻪﺱ ﺠﻭﻳﺮﺌﻛﻛﻪ ﺷﺌﯕﺪﺍﻏﺎﻧﻐﺎ.
14. Соңы:
ﺘﻭﯕﺷﺌﻐﺌﭗ, ﺘﻭﯕﻏﻳﻘﻘﺎ ﺑﺎﺘﻘﺎﻨﺪﺍﺮﺪﺌﯔ٬ ﺠﺎﺭﻘﺌﺮﺍﭗ ﺠﺎﺮﺌﻕ ﻛﻭﺮﻩﺮ ﻛﻪﻠﺪﻯ ﻛﻪﺯ.
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналастырылған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш