∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Үрпек соғысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Үрпек соғысы
3. Авторы (Айтушы)
Нұрхан Ахметбеков (1903-1964) — халық ақыны.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Нұрхан Ахметбеков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1126/202
8. Бет, жол саны, өлшемі
27; 513; 17,3х20,3; 11х16,8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жырда айтушы Бижан қарттың өз көзімен көріп, бастан өткерген оқиғалары негізінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен Аманкелді Иманов бастаған сарбаздардың ерлігі баяндалады. Шығармада патшаның 1916 жылғы маусым жарлығының халыққа тигізген зардабы және оған қарсы ұйымдастырылған күрес суреттеледі. Аманкелді Иманов бастаған сегіз жүз сарбаз Үрпек өңірінде шешуші шайқасқа дайындалады. Осы кезде Атбасардан келген Сардарбасы есімді жігіт көтерілісшілердің қатарына қосылып, Аманкелдінің сенімді серігіне айналады. Ол сарбаздарды қару қолдануға және соғыс тәсілдеріне үйретеді. Шайқас барысында Аманкелді жау әскерінің қолбасшысын атып өлтіріп, көтерілісшілер жеңіске жетеді. Қазақ жасақтары аз шығынға ұшырап, қарсылас әскеріне елеулі соққы береді. Осы ұрыста Аманкелді өзінің жақын серігі Сардарбасыдан айырылып қалады. Жыр соңында Аманкелді Иманов бастаған көтерілісшілер Торғай қаласына Кеңес өкіметінің қызыл туын көтеріп кіреді.
13. Басы:
Тәуіштің иір аққан өзенінде
14. Соңы:
Үрпекте осы болған оқиғаны Нұрқаным жазшы деді өлеңдетіп.
15. Қосымша мәлімет
Үрпек соғысы // Қостанай “Большевиктік жол” облыстық газеті, 1944 жыл, 7, 9, 10 маусым.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш