∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

ﻭﻟﻰ ﺠﻮﺮﺌﻕ / Ұлы жорық

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
ﻭﻟﻰ ﺠﻮﺮﺌﻕ / Ұлы жорық
3. Авторы (Айтушы)
Садық Қасиманов (1902-1977) – ақын, педагог, этнограф, ауыз әдебиетін жинаушы. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған. 1923-1960 жылдарда мұғалім болып істеген. 1960-1970 жылдары Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері болды. Жас кезінен ауыз әдебиеті мұраларын, қазақ ақындарының шығармаларын жинап, еліміздің қолжазба қорларына тапсырған. Абай мұраларын жинап, зерттеу ісіне көп еңбек сіңірген.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Садық Қасиманов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қорға 1961 жылы тапсырылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
367
8. Бет, жол саны, өлшемі
34; 24; 18х24,5; 22,5х9
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сары қағазға араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Ұлы Отан соғысы кезіндегі майдангерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі дәріптеледі. Шығармада қазақ жауынгерлерінің Отанды қорғау жолындағы батылдығы, қайсарлығы мен елге деген адалдығы суреттеліп, олардың жауға қарсы көрсеткен ерліктері мадақталады. Сонымен қатар тылдағы қарапайым халықтың ауыр еңбекпен майданға қолдау көрсеткен қажырлы тіршілігі баяндалады. Колхоз еңбеккерлерінің, соның ішінде малшылардың да күндіз-түні тыным таппай, қоғамдық малды аман сақтап, шаруашылықты дамыту жолындағы адал еңбегі көрініс табады. Жырдың соңында фашизмді жеңіп, бейбіт өмірдің орнауы, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің өзара татулық пен ынтымақта өмір сүруі жырланып, ел бірлігі мен бейбітшіліктің қадірі насихатталады.
13. Басы:
ﻤﮫﻦ ﺴﻮﻴﮫﻡ ﻭﺯ ﻩﻠﺌﻤﺪﻯ ﺘﻭﺌﭖ ﺆﺴﻛﻪﻥ٬ ﺍﻨﺎﻤﺪﺍﻱ ﻛﺌﺮ ﺠﻭﺌﺐ, ﻜﺌﻨﺪﺌﻚ ﻛﻪﺴﻛﻪﻥ.
14. Соңы:
٬ ﻘﺎﺑﺎﻖ ﺘﻭﻴﮕﺯﮔﻪﻦ ﻗﺎﭙﺎﻻﺐ . ﺑﻭﻠﻣﺎﺱ ﺳﻭﻞ ﻭﻴﺪﺍﻦ ﻗﺎﻴﺘﺑﺎﺴﺎﻖ
15. Қосымша мәлімет
Әр бетте әр түрлі орналасқан. Бірде қара өлең ұйқасымен, бірде шұбыртпалы ұйқаспен жырланған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш