XVIII ғасырда қазақ пен қалмақ арасындағы соғыс ұзаққа созылады. Қалдан Церен бастаған шапқыншылар Тәуке өлгеннен кейін қазақтарға шабуыл жасап, Түркістанды бір-ақ күнде басып алады. Қазақ елін тоздырып жібереді. Бұл оқиғаны «Ақтабан шұбырынды» деп атаған. Қаратауды бөктерлеп босқан елдің ішінде алты жасар бала Қабылан да бар еді. Қабылан әке-шешесімен бірге жоқшылықтың зардабын шегеді. Илья деген саудагерге жалданып, жұмыс істейді. Әке-шешесі өлгенде Қабылан орыс жерінде қалып оқу оқиды. Қабылан әрі палуан әрі батыр болып өседі. Бірнеше палуандарды жеңіп отырады. Күләнде деген сүйген қызын алып қашып орыс селосына барып паналайды. Аздан кейін мұны құғынгшылар қоолға түсіріп, Сібірге айдатады, көп мехнат көреді. Бір татар жігіті берген алмас пышақпен түрмені тесіп қашады. Бағаналы Барлыбай бастаған көп қол, қасында Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек би бар екен. Шақшақұлы Жәнібек, Қожан палуан, Марал би бәрі де жиылып, жаулы Алтай тауына әрі асырып келе жатып Қабыланға кездеседі, оны өздеріне серік етіп алады, — деп жыр бітеді. Он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған.