∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Адам алейсаламнан Адам пайғамбарға шейін

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Адам алейсаламнан Адам пайғамбарға шейін
3. Авторы (Айтушы)
Пірімжан Ысқақов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қабиболла Сыдиықұлы, Шафиғи Мақсұт
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1986 жылғы Тәжікстан, Өзбекстан экспедициясы. Термез қаласы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
896
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.46; Ж.23. 20,5х15; 18х12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушының жол дәптеріне жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
шежірелік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Әнес бес жасында жетім қалып, жоқшылықтан күнкөріс қиындап, анасы оны Мұхаммед пайғамбарға алып келеді. Пайғамбардың қолында жүріп, үйленеді. Жағдайы төмендей берген соң, пайғамбар тағы да әйел алуына ақыл айтады. Сонымен үш әйел алып, отын шауып, оны төртеуі базарға апарып сатады. Артылған ақшаға лақ сатып алады. Сөйтіп, жағдайы түзеледі. Ары қарай Мұхаммед пайғамбар туралы аңыз келтіреді де, Әнестен шежіре таратады. Майқыдан Өзбек, Жаһін, Жаһіннен Айырқалпақ, Келмек, Айырқалпақтан Қазақ, Созақ екі ұл болған екен дейді. Қазақтан Алаш, Наурыз болыпты. Наурыздан бала болмапты. Наурыз өлер алдында інісі Алаштың балаларын шақыртып айтқан екен: «Қабыл көрсеңдер, қаза болған күнімде әр үйің бір-бір қазан құдайы көже қылып, Наурыз келді деп көрісіп, атымды атасаңдар болды». Алаш балалары хош көріп, бұл өсиетін қабыл алады. Алаштан Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс үш ұл болады. Ақарыстан Кеңес жалғыз, Кеңестен Үйсін жалғыз. Үйсін жау жаулап кеткенде елі үркіп, Доғалақ тоқалы жүкті екен, оны жұртқа тастап кетеді. Ертеңіне жау келіп жұртта баласын алып отырған әйелден елдің жай-жапсарын сұрап біледі. Таудың арғы жағында жатқан елдің жылқысын жау айдап әкеліп, әйелге қалағанын сұратады. Әйел кәрі құла айғырды сұрайды. Жау жылқыны алып кетеді. Таң алдында құла айғыр қатты бір кісінепті, ертеңі кешке жылқының жартысы қайтып келіпті. Келесі күні тағы жартысы келеді. Бірнеше күннен соң Үйсін батыр еліне келсе, елі жоқ. Тау жақта бір арбаның ізін көреді. Сол ізбен келсе, жылқының ішінде әйелі баласын алып отыр. Әйел мән-жайды айтады. Ары қарай Жанарыстан, Бекарыстан шежіре таратады.
13. Басы:
Ыбрахим, Ысмайыл атасынан екі ұл болып…
14. Соңы:
…Есназардан Жамантей, Құлқара, Майлы 3 бала болды.
15. Қосымша мәлімет
Қағазы ескіріп, сарғайған.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова