∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Адай мен Таздың туысқан болуы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Адай мен Таздың туысқан болуы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Айсұлу Бисенғалиқызы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1996 жылы, Орал қаласы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1057
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; Ж. 24. 20х27,5; 15х25
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жолды дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
шежірелік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Темір деген ұлы жүздің батыры еді. Сол елдегі әділетсіз хандардың бірін өлтіріп, кіші жүздің еліне келіп паналайды. Темір батыр барлық шындықты жасырмай Қыдырқожаға баяндап береді. Қыдырқожа жылқысының билігін Темірге басқаруға береді. Осы арада Қыдырқожаның қызымен ойнап ол жүкті боп қалады. Қыз оны әке-шешесіне білдірмей төбе басына тастап кетеді. Баланы Қыдырқожа тауып алып бәйбешесіне береді. Бәйбішесі оны өз ұлы Тазға «тәрбиелеп, аман өсір» деп аманат етеді. Таздың өзі де кірме бала екен. Оны кезінде Қыдырқожа бағып алған екен. Таз баланы Адай деп атап, өзіне іні етіп алады. Сол кезден бастап «Адай мен Таз» туысқан болып қалды дейді.
13. Басы:
Темір — ұлы жүздің батыры
14. Соңы:
Үйрек пен қабыз» деп мақтанады екен олар.
15. Қосымша мәлімет
Дәптер қағазбен қапталып, арнайы папкада орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова