∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сегіз сал мен Ұлбай қыздың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сегіз сал мен Ұлбай қыздың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Сегіз сал
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әшім Нұрлыбаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Алматы облысы, Қаскелең ауданы. Жазылған жылы белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
337
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 17; Б. 34; Ж. 17; 20Х16,5; 17Х13,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Айтыс 1909 жылдары болған. Кілең ақын-әншілер бірігіп ел арасында «Сегіз сал» деген атпен белгілі болады. Олар өз алдарына жастарға ақыл үйрету, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін үйрену сияқты игі мақсат қояды. Ел арасындағы жаман әдеттерді сынайды. Олардың осындай дағдыларына түсінбеген Ұлбай деген ақын қыз Сегіз салға хатпен өлең жазады. Айтыс аяқталмай қалған.
13. Басы:
Сөзімнің тыңдаушыға мұңдасы бар
14. Соңы:
Оңларсың Зәкір батыр айтып ақыл
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдар әр бетке бір қатардан орналастырылған
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова