∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Орынбай ақын мен Сералықожаны айтыстырғаны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Орынбай ақын мен Сералықожаны айтыстырғаны
3. Авторы (Айтушы)
Орынбай ақын
4. Жинаушы, тапсырушы:
Құлмұхамбет Байғұлыұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1920 жылдар, Қостанай облысы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
127
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 2; Б. 2; Ж. 28; 33Х20; 28Х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жолды қағазға қара сиямен араб әрпінде жазылған
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Орынбай ақын Сералыны: «Молдалық етіп күн көресің еңбек етіп мал таппайсың», — деп сөгеді. Бірақ Сералы сөз жүйесін тауып кетіп, Орынбайды жеңеді.
13. Басы:
Баласы Ертағының Орынбаймын
14. Соңы:
Жіберді тақсыржаным арашалап
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке екі қатардан орналасқан
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова