Қоңырат елінде Ыбырайдың ерке өскен Саржан деген қызы әрі домбырашы, әрі әнші болған екен. «Айтыста мені кім жеңсе, соған тием, жеңілсе ат-шапан айтып аламын», — деп жұртқа хабар таратады. Мұны естіген көп дәмелі жігіттер бар өнерлерін салып айтысса да жеңіліп қайтады. Бұл дақпырт Бағаналы еліне де жетеді. Бағаналының атақты ақыны Байдырақ та ат арытып, тон тоздырып Қоңырат еліне келеді. Ата-ана, ел ақсақалдарының алдында айтылған серт бойынша айтысқа түседі. Айтыс ұзаққа созылады. Жеңісе алмаған екі жағы жұмбақпен айтысады. Мысалы, жаңбыр, жұмыртқа, айна, дойбы, шахмат, ана құрсағы, махаббат, құрдастық, зұлымдық, ғылым-білім, шындық, адалдық сияқты адам өмірі мен тарбиғат құбылыстары жұмбақ айтыстарының арқауына айналады.