∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Нұрым мен Әбубәкірдің айтысқаны
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Нұрым мен Әбубәкірдің айтысқаны
3. Авторы (Айтушы)
Нұрым Шыршығұлұлы, Әбубәкір Шоқанұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Белгісіз
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1950 жылдар, Гурьев облысы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
243
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 4; Б. 8; Ж. 21; 21Х17; 17,5Х15,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ұзын жолды мектеп дәптеріне көк сиямен араб әрпінде жазылған
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Айтыс 1901 жылы өткен, дәстүрлі ақындар айтысына жатады. Ақынның екеуі де өз руын, батырларын, билерін мадақтайды. Бір-бірінің міндерін айтысады. Соңында Нұрым ақын жеңілгенін сезіп жауап қайтармай кетіпті.