∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Нұрым мен Ақмолланың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Нұрым мен Ақмолланың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Нұрым
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жақыпұлы Желеу
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1957 ж., Шымкент облысы. Институт қорына 1958 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
338
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 5; Б. 10; Ж. 20; 20Х17; 16Х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ұзын жолды дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Арқаға барып кездеме сатып жүрген Нұрым атты ноғай Мырзалы деген байдың ауылында Ақмолла ақынмен айтысады. айтысты бастайтын Нұрым. Бірінші сөзінен-ақ: «Қазақтың молдалары арам дейді, Береді не деп жауап алласына» — деп салмақты болғанына қарамастан Нұрым өз кезегінде халықтың кейбір жарамсыз әдет-ғұрпын сынайды. Ақмолла қарсы айтады, ақыры жеңеді.
13. Басы:
Мен келдім Мырзалыбай ордасына
14. Соңы:
Жеңілсең жайыңа отыр, аузың жап та
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке екі қатардан орналасқан
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова