∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Нұралы мен Мықан ақынның айтысқаны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Нұралы мен Мықан ақынның айтысқаны
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жұмабаев Рафаэл
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1962 ж., Шымкент облысы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
393
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.6; Б.12; Ж. 24; 20Х17; 18Х19
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ жолды дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Шымкент қаласында Сиқым елінің жігіті Сейтжаппар Нұралы ақынды, Алшын елінен шыққан Қосай тілмаш Мықанды мақтап, бәспен айтыстырады. Нұралы өзінің жолы үлкендігін, білімділігін, жас ақындарға ұстаз екендігін айтады. Мықан: «Мен сізге кесе көлденең келмеп ем, қайта сырттан өзіңіз тиісіпсіз. Жоқ олай емес, бұл жолы шоқтығыңнан алып жөнге салармын», — дейді. Нұралы: «Арқадан ел қыдырып келіп, дәулеттің нәпақасын көріп, азығыңды теріп жүрсің, бай мен манапты мақтап, артынан еріп жүрсің. Күншілдік көрсеткен бақадай болып, жарылып жүрме», — деп ескертеді. «Болыстыққа таласқан жемқорлардың артынан еріп не марқадам ьабасың», — дейді. Он бір буынды қара өлең үлгісімен берілген. Басында, ая,ында қара сөзбен жазылған түсінігі бар.
13. Басы:
Ал Мықа сөз сөйлейін жанабыңа
14. Соңы:
Риза боп жан беруге жандасасың
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары екі қатардан орналасқан. Екі ақынның да жауаптасқан өлеңдерінің ара-арасында ұмытылған жолдар кездеседі.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова