∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ешмұхамбеттің Нағман сұлумен айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ешмұхамбеттің Нағман сұлумен айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Белгісіз
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 жылы, Талдықорған облысы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
240
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 5; Б. 71-79; Ж. 12 ; 20Х16; 18Х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ дәптерге араб әрпінде көк сиямен жазылған
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Айтыс 1929 жылы болған. Негізінде жастық, байлық, кедейлік туралы қағысады. Алғашында жұмбақ өлең айтылып, кейіннен өтірік өлеңмен де байқасады. «Жиырма жасқа келгенше бір өнер көрсетпей бойдақ жүрсің, маған қайтсең де тең келмейсің, сорың қайнап қалар», -деп кемсітеді қыз. Жігіт те қоймай: «Ұайтсем де сені алам. Бүрыннан-ақ алар едім, қашып жүрсің», -деп жабысады. «Әйел алғың келсе, шешеңді ал, кәрі бие жүрдек келер», -деп қыз қатты кетеді. Жігіттің тосып отырғаны да осы еді. «Маған тимесең, әкеңети», — деп жұрт алдында ұялтады. Әкесі қыз қасында отырған. Нағман сұлу ызадан жылап жібереді. Жұртшылық та, қыз әкесі де жігітті кінәламайды. «Балам, тоқта, кінә өзіңнен болды. Жолын бер!»-деп әділ төрелігін айтады.
13. Басы:
Айтамын айт дегенде өлеңімді
14. Соңы:
Естіпті ептеп септеп кексе неме.
15. Қосымша мәлімет
Қара сөз іспетті жазыла берген
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова