∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Пісмілла сөз бастайын әуел бастан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Пісмілла сөз бастайын әуел бастан
3. Авторы (Айтушы)
Қартбай Қылышев
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қартбай Қылышев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Шежіре-жыр Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Сыпатай кеңшары, Ленин көшесінің №66 үйде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1089
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.6; Ж.23. 25 х 17; 13 х 18,8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жол көзді оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
шежіре-жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жыршы шежіренің кіріспесінде бұрын-соңды жершарында өткен 124 мың пайғамбар, 33 мың сахаба, 12 имам туралы деректер бере отырып, Әнес сахабаға арнайы тоқталады. Жырда оның ұрпақтары дүниенің жеті ықылымына тарап, сан тілді халықтар өрбігені сөз болады. Әнестің Жәбіл деген баласынан Алты Алашты шығарып, оның құрамына мына ұлттарды кіргізеді: түрікпен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, естек, өзбек. Қартбай жыршы әрі қарай осы халықтардың шығу, географиялық орналасу тарихына жеке-жеке тоқталып, әсіресе қазақтың әр кезеңдердегі қоныстарына байланысты деректер келтіреді. Қазақ халқының сексен екі таңбасы мен жетпіс жеті әулиесі бар екендігіне дәлелдер келтіріп, соңында жапсарлас халықтардың дұшпандық әрекеттерін де баяндап өтеді.
13. Басы:
Пісмілла сөз бастайын әуел бастан
14. Соңы:
Пақыр мен нашарларға салауатты
15. Қосымша мәлімет
Мәтін қолмен ұқыпты жазылғанмен, ескіре бастаған, мұқабасыз.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова