∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Нұржанның шежіресі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Нұржанның шежіресі
3. Авторы (Айтушы)
Нұржан Наушабаев
4. Жинаушы, тапсырушы:
Нұржан Наушабаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Шежіре-жыр ақынның Тіл және әдебиет институты дайындаған «Нұржан Наушабаев. Өлеңдер жинағы» атты жинаққа енгізілген. Машинкаға терілген мерзімі көрсетілмеген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
403
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.6; Ж.26. 29,5 х 20,7; 23,4 х 8,7
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағаздарына машинкамен терілген.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
шежіре-жыр
12. Қысқаша мазмұны
Шежіре-жыр әдеттегідей Адам атадан бастап тізбектеп келіп, Орта жүз руларына ауысады. Нұржан Орта жүз – Жанарыстан Қарақожаны, Ақтамды, Дәрмомынды, Смағұлды, Қасымқожаны таратып, Дәрмомыннан Қоңырат пен найманды, Смағұл, Қасымқожадан Керей мен Уақты, Ақтамнан Қыпшақты, Қарақожадан Ақжол және Арғынды өрбітеді. Сөйтіп, өзі жақсы білетін Арғын руына айырықша мән беріп, он Мейрамның төрт баласынан тараған руларға келіп шежірені аяқтайды. «Найман, Қоңырат, Керей, Уақ халіменен, Жазарлық бір сөз еді бар керекті…) деп, мұны кейін жазатынын ескертеді. Өкінішке орай, ол шежіре кейінгі ұрпаққа жетпеген. Мәтін Hұржан Наушабайұлының «Манзұмат қазақия» атты кітабынан көшірілген.
13. Басы:
Қаламды еріккенде қолға ұстарсың
14. Соңы:
Денсаулық, Алла берсе тіршілікті
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның сырты сұр мұқабамен қапталып, арнайы түптелген. Қолжазбаның барлық беттері дерлік редакцияланып, қолмен түзетілген.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова