∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шаһнама/ شاھنامە

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шаһнама/ شاھنامە
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушысы — Тілеуқабылұлы Ысқақ, тапсырушысы — Ысқақов Арыстанбек Исламбекұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қызылорда облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
117
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1-209; Ж.28. 29,5×19,3; 26×18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың кітаптың жол беттеріне көк сиямен жазылған. Соңғы беттері түбінен жыртылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Дастанның оқиғасы Адам атадан басталып, төрт патшалық; пешдадилер, кейанилер, ашканилер, сасанилер туралы әңгімеленеді. Әуелгі Шит пайғамбар әулетінен өрбіген патшалар тарихының соңы Иранның Кейқауыс атты патшасы мен Тұранның Афрасиаб деген билеушісінің арасында жалғасады. Шайыр шежіресімен бірге атақты батырлар (Нариман, Сам, Зал, Рүстем, Суһраб, Дарап, т.б.) әулетінің де тарихы кеңінен суреттелген. Дастанның оқиғасы Рүстемнің және оның балалары – Парамұраз, Жиһангермен қызы Кіршаштың Афрасиабтың әскерін жеңіп, той-тойлаумен аяқталады.
13. Басы:
Хазір Фирдоусидің көріп…
14. Соңы:
Әбу Бәкір разы Алла Анһуның әмірі құзірет.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева