∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шаншар хан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шаншар хан
3. Авторы (Айтушы)
Жәрімбет Дауымбаев.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жәрімбет Дауымбаев.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1967 жылы Қарақалпақ АССР-і Тахтакөпір ауданы, К.Маркс атындағы совхозда жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
682
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.14; Б.27; Ж.32. 16,5×20,5; 13×19,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба шақпақты дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Шаншархан баласыз болып, алпыс қатынының бірі бала таппай отырғанда, бір кедей адам менің қызым бір ұл, бір қыз табады деп міндетіне алады. Сол қыздан туған бала батыр болып, көп қалмақтарды қырады.
13. Басы:
Бұрынғы өткен заманда…
14. Соңы:
Бай мұратына жетті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева