∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Харун Рашид патшаның бастан кешкен хикаясы /ھارۇن راشىد پاتشانىڭ باستان كەشكەن حيكاياسى

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Харун Рашид патшаның бастан кешкен хикаясы /ھارۇن راشىد پاتشانىڭ باستان كەشكەن حيكاياسى
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
С.Смайылбеков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1072
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.30; Б.60; Ж.20. 17×20; 13×17,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Бір жолды дәптерге көк сиямен жазылған. Сырты ақ қағазбен тысталған. Қағазы сарғайып, шеттері жыртыла бастаған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Дастанда үш хикая баяндалады. Біріншісі: Харун Рашид патшаның түнде жүріп жалған патшаны көргені, екіншісі: сандықтағы әйелдің өлімі, ал үшіншісі: Мысыр патшасының екі ұлы Шамсуддин мен Нуриддин және олардың бастан кешкен оқиғалары туралы. Дастан оқиғасы “Мың бір түн” сюжетінен алынған.
13. Басы:
Бір түні үйде жатып Хазірет Харун…
14. Соңы:
Осында сабыр қылып Харун білсе.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева