∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ұры мен қазы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ұры мен қазы
3. Авторы (Айтушы)
Байеке Айдаболов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Биғожин Қаратай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1974 жылы Жезқазған облысы, Никольский қаласында, Луначар көшесі 24/56 үйге жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
766
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1-29; Ж.18. 16,5×21,5; 14,5×18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба шақпақ дәптерге көк сиямен жазылған. Қолжазба көк қағазбен тысталып, папкаға салынған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Ертеде Бағдат шаһарында білімді қажы өмір сүрген екен. Қажы бір күні Құран оқып отырып, “кімде-кім түнде барып бақ ішінде бес бес намаз оқыса сауабы тиеді” деген сөзді көзі шалып қалады. Түнде бақ ішіне барып намаз оқымақшы болғанда, ұрыға тап болады. Әрі қарай қажы мен ұры арасында болған жағдай баяндалады.
13. Басы:
Құдайым он сегіз мың жыл жаратты…
14. Соңы:
Аяғы осымен тамам болды.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева