∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Үш ойшыл

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Үш ойшыл
3. Авторы (Айтушы)
Бердін Есентай
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бердін Есентай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
209
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1-100; Ж.20. 20×16,8; 16,5×13
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Бір сөйлем сызылып, үстіне жазылған, шимайланған жерлері бар. Мәтін тор көзді жалпы дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Ертеде Моңғол жерінде Шарун деген перзентсіз патша өмір сүреді. Түсінде аян алған соң, басқа елден әйел іздетеді. Уәзірлері жолда кедей Дандун мен оның жас әйелі Үлнені кездестіреді. Патша Үлнеге қызыққанымен, ерлі-зайыптылар кейін байып, үш ұл сүйеді. Үш ұлы ақылды әрі әділ болып өсіп, «Үш ойшыл» атанады. Кіші ұл патша қызына үйленіп, кейін әділ патша болады. Оның Дән-Симан атты қызы күн нұрынан жүкті болған соң, сандыққа салынып, дарияға ағызылады. Оны балықшы ағайындылар тауып алып, кішісі Дән-Симанға үйленеді. Дән-Симан Тімушин атты ерекше ұл, кейін егіз ұл туады. Одан әрі шығармада осы балалардың бастан кешкен оқиғалары баяндалады.
13. Басы:
Ертеде бір уақытқа болып өткен…
14. Соңы:
Түзетер хатым болса жазғаным сол.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева