∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Үш мұңлы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Үш мұңлы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Наурызбай Айтуаров
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1950 жылы жазылған
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
104
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.7; Б.7; Ж.20. 17×20,5; 15×17,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Бір жолды дәптерге көк сиямен жазылған. Қолжазба ақ қағазбен қапталып, ақ жіппен тігілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Бұрынғы өткен заманда, жұтымдықтың тұсында бір бейшара адамның баласы мен әйелі үшеуі ішуге тамақ, киюге киім таппай, сапар шегіп кетеді. Өліп-тіріліп бір елдің шетіне жеттім бе дегенде, бір жол ұрыға тап болып, олардың жасаған қорлығын, бастан кешеді. Онымен қоймай оларды базарға апарып үшеуін үш жаққа құл ретінде сатып жібереді. Бейшаралардың ажырасып алдындағы мұңы баяндалады.
13. Басы:
Сөз сөйлейін бұрынғы өткен тарихтан…
14. Соңы:
Еске түсіп, енді міне жазғаным.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева