∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Үш мұңлы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Үш мұңлы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
А.Бадыров
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
260
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1-78; Ж.19. 19,5×16,5; 18,5×14,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді қалың дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Михаил патша перзентсіздігіне қайғырып жүргенде, әйелі Гүлрайханның жоруы бойынша Ләйіні тауып, оған үйленеді. Кейін Ләйіні Сәдір залым ұрлап әкетіп, дарияға тастайды. Ләйі бір ұл, бір қыз туып, көп қиындық көреді. Ақырында отбасы қайта табысып, бақытқа жетеді.
13. Басы:
Бисмиллә деп бастайын…
14. Соңы:
Тамам болды, жақсылар. Үш мұңлының аяғы.
15. Қосымша мәлімет
1930 жылы шілденің екісінде сегіз күнде жазып бітірдім. Атым – Жүсіпбек молла, әкем аты – Сапболат. Қысболат, Алдаберді. Туған жерім Қарқаралы деген мәлімет бар.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева