∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Үш мұңлы/ ٷش مۇڭلى 

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Үш мұңлы/ ٷش مۇڭلى 
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сейдеханов Көбей
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1952 жылы жазылған
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
894
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1-66; Ж.36. 20,5×16,5; 14×18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мұқабасы жоқ жалпы дәптерге көк сиямен жазылған, қолтаңбасы өте майда.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Михаил патша перзентсіздігіне қайғырып жүргенде, әйелі Гүлрайханның жоруы бойынша Ләйі есімді қызды тауып, оған үйленеді. Кейін Ләйіні Сәдір залым ұрлап әкетіп, дарияға тастайды. Ләйі бір ұл, бір қыз туып, көп қиындық көреді. Ақырында отбасы қайта табысып, бақытқа жетеді.
13. Басы:
Бісмілләдан бастайын
14. Соңы:
Тамам болды.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева