Баласы жоқ Михаил патша қайғырып, біраз жүреді. Бір күні қан шұбар атымен жолға шығады. Ат қай жаққа барса да өз еркіне жібереді. Ол бір дарияның жағасына келеді. Дариядан бір жылқы шыға келіп, шұбар атқа жолығысады. Патша үйіне қайтып келген соң, болған оқиғаны әйелдеріне айтады. Гүлрайхан деген әйелі бұны жорып береді. Сол бойынша Михаил Ләйі деген қызды іздестіріп, зынданда жатқан жерінен тауып алып үйлеседі. Михаил сыртта жүрген кезде, Ләйінің босанар уақыты таянып, ұйықтап жатқан жерінен Сәдір залым ұрлап алып дарияға әкеліп тастайды. Ләйі бір ұл, бір қыз туып, айдалада тұрып жатады. Ақырында қанша жаманшылық көріп, қайғыға батып, қиыншылық көрсе де ата-анасы мен балалары кездесіп, бақытқа жетеді.