∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Үш қыз/ ٷش قىز

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Үш қыз/ ٷش قىز
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Т.Қанағатов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Көк-жыра ауылында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
132
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.12; Б.23; Ж.20. 16,5×20,5; 10×17,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба бір жолды дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Хикаялық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Ертеде Бағдатта, Шаһиғанпар патша заманында ағайынды Әйім, Хайша, Сәмсая деген ағайынды қыздың кенжесі Сәмсаяның кедей-жоқшылықтан бақытқа жеткен өмірі баяндалады. Қиналып отырған Сәмсаяның бар сөзін патша мен уәзір естіп қойып, байғұс қызды патша елден қуып жібереді. Қаңғырып қыз мол қазынаға кездеседі. Сәмсая қанша бейнет көрсе де сүйген жігітіне қосылып, бақытты өмір сүреді. Патшадан кегін алады.
13. Басы:
Сөйлейін бір мәселе…
14. Соңы:
Сөзімнің алатұғын бабы…
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева