∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Үміт қыздың өлімі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Үміт қыздың өлімі
3. Авторы (Айтушы)
Төлеуов Құлжабай. Шымкент облысы, Созақ ауданында туып-өскен. Жастайынан жетім қалып, 1932 жылға дейін балалар үйінде тәрбиеленеді. 1937 жылы Түркістан қаласындағы педучилищенің 2-курсын бітіріп, бастауыш мектептерде мұғалім болған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бөрлібаев Рахманқұл
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1964 жылы Шымкент облысы, Созақ өндіріс басқармасы, Бүшкент совхозында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
271
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1-31; Ж.34. 17,5×21,2; 19,2×17,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жол бетті оқушы дәптеріне және кеңсе қағазына көк және күлгін түсті сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Елу бес жастағы Райымбек деген саудагер он екі жасар Үміт деген сұлу қызға ғашық болып, құда түседі. Қыздың әкесі Бектұрған алғашында қарсы болғанымен, Райымбектің әкелген мал-мүлкіне қызығып, қызын шалға береді. Үміт балалы болады, бірақ Райымбектен көп қорлық көреді. Бір күні сол елдің Боранбай деген кісісі Райымбекті өлтіреді. Жұрт оның өлімін Үміттен көреді. Боранбай шындықты айтады. Оған сенбеген Үміттің қайын ағасы Бейбітбай Үмітті өлтіреді.
13. Басы:
Марының төменгі аққан саласында…
14. Соңы:
Шұғылалы октябрьдің таңы атты.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева