∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Түкібай-Шолпан / توكىباي ـ شولپان

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Түкібай-Шолпан / توكىباي ـ شولپان
3. Авторы (Айтушы)
Сағидолла Нұралин
4. Жинаушы, тапсырушы:
Т.Қанағатов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Дайыр селосында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
330
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.27; Б.52; Ж.25. 21×17; 19×7
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ жолды дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Мұқып деген бидің Шолпан деген сұлу, әрі ақылды қызы болады. Шолпан мен сүйген жігіті Түкібай үйленгелі жүргенінде, қалмақ елінің Доржы атты батыры Шолпанды аламын деп, қазақ елін басып алады. Шолпан ел-жұртын тұтқыннан босату үшін Доржыға еріп, қалмақ еліне кетеді. Артынан Түкібай көп жігітті ертіп, қуып барады. Шолпан көп қиыншылықпен, Доржының күтушісі Құртқаның көмегімен Түкібаймен кездеседі. Сөйтіп, сүйген жігітіне қосылады.
13. Басы:
Ғасырдан қалған еді ме, көрместен Шолпан…
14. Соңы:
Аламайын қорқыныштан зор мәжбүрісіне
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева