∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Төрехан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Төрехан
3. Авторы (Айтушы)
Атаубай Мамбетов. (1932-1977). Қоңырат қаласында туып-өскен. Руы – атым. Нүкіс Педагогика институтын бітіріп, Қоңырат қаласындағы өзі оқып бітірген мектепте оқытушы болып қызмет атқарған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Рабиға Сарыбаева, Қыдырәлі Саттаров.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1978 жылы Қоңырат қаласында, Орджоникидзе көшесі, 11 үйде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/15
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.7-62; Ж.34. 20×30; 10×27
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба ақ түсті кеңсе қағазына қара сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Темірхан хан Нұралының қызы Сәулеге үйленеді. Сәуледен ұзақ уақыт бала болмаған соң, Қараман ханның қызы Қарашашты алады. Қарашаштан Егізбай мен Сегізбай туады. Кейін Сәуле 49 жасында Төрехан мен Ханбибі есімді егіз баланы дүниеге әкеледі. Темірхан қайтыс болған соң, ел хан сайлау мәселесін көтереді. Жастар ерлігімен танылған Сегізбайды қолдаса, қариялар Төреханның нағашысы Нұралы хан екенін негізге алып, оны таққа лайық деп табады. Сөйтіп, Төрехан хан болып сайланады.
13. Басы:
Сөзге шебер сұңғыла.
14. Соңы:
Осымен бітті аяғы.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева