Темірхан хан Нұралының қызы Сәулеге үйленеді. Сәуледен ұзақ уақыт бала болмаған соң, Қараман ханның қызы Қарашашты алады. Қарашаштан Егізбай мен Сегізбай туады. Кейін Сәуле 49 жасында Төрехан мен Ханбибі есімді егіз баланы дүниеге әкеледі. Темірхан қайтыс болған соң, ел хан сайлау мәселесін көтереді. Жастар ерлігімен танылған Сегізбайды қолдаса, қариялар Төреханның нағашысы Нұралы хан екенін негізге алып, оны таққа лайық деп табады. Сөйтіп, Төрехан хан болып сайланады.