∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қазақ шежіресі (қысқаша)

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қазақ шежіресі (қысқаша)
3. Авторы (Айтушы)
Кенен Әзірбаев
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қыдырәлі Саттаров
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қолжазбада 1964 жылы жазушы Жолдасбай Тұрлыбайұлы Рахымалы Байжарасов пен Серкебаев деген шежірешілерден көшіріп алған деген мәлімет бар.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/90
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 3; Ж. 29. 20х30; 9х26
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шежіре қалың дәптерге машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
шежіре-жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жыршы Орта жүз бен Кіші жүз туралы қысқаша ғана мағлұмат беріп, Ұлы жүзді толық қамтыған, оның атақты батырлары мен билері туралы жырлаған.
13. Басы:
Ұлы жүз аймағында Алатаудың
14. Соңы:
Қордайды бұл ақының мекен еткен
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова