∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қазақ шежіресі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қазақ шежіресі
3. Авторы (Айтушы)
Әлімбай Әлиасқаров
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қыдырәлі Саттаров
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Оңтүстік Қазақстан облысы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/74
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 38; Ж. 40. 18,5х29; 13,7х24
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына қара қаламмен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
шежіре-жыр
12. Қысқаша мазмұны
Бұл жыр-шежіренің басты ерекшелігі – мұнда исламға, жалпы арабтарға қатысты көп сөз қозғалмайды. Тек қазақ ұлты мен руларының ата-тегін, құрылымын ажыратып, үш жүзден бастап бүгінгі рулардың бөлінісіне дейін жырлаған. Шежірені жырлаушы Әлімбай Әлиасқаров жырды жазу үшін жыршы бұдан бір ғасыр бұрын Бұхарада басылған кітаптарды және өзінің жерлесі Қалжан деген ақынның шежірелік қолжазбаларын пайдаланған.
13. Басы:
Бендеге тірлік жақсы болса да арман
14. Соңы:
Деп егер іздеп келсең қатарым ед
15. Қосымша мәлімет
Төрт жол қара өлең үлгісінде орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова