∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Төрехан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Төрехан
3. Авторы (Айтушы)
Нұрпейіс Байғанин (1860-1945) – қазіргі Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туып-өскен, әрі жырау-орындаушы, әрі эпик ақын. Көптеген эпостық жырларды жаттап айтып, кейбірін өзінше жырлаған (“Қобыланды”, “Құбығұл” т.б.). Ақынның Қазан төңкерісінен бұрынғы толғаулары мен сатиралық арнау өлеңдері, Қазақбай ақынмен айтысы т.б. шығармалары ел аузында сақталғанымен, кезінде жазылып алынбаған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Раха Шәріпов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
106
8. Бет, жол саны, өлшемі
29; 35; 16,5х20; 14х20
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың тор көзді дәптерге көк сиямен қазіргі кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Баяғыда Темірхан хан алғаш Нұрадын ханның қызы Сәулеге үйленгенімен, ұзақ уақыт перзент сүйе алмайды. Кейін түрікпен ханы Қараманның қызы Қарашашты әйелдікке алады. Қарашаштан Егізбай мен Сегізбай атты екі ұл дүниеге келеді. Темірхан олардың құрметіне арнайы сарай салдырып, уақытын көбіне сол отбасымен өткізеді. Бұған ренжіген Сәуле өз тегінің де хан әулетінен екенін айтып налиды. Қырық тоғыз жасында Сәуле егіз ұл мен қыз дүниеге әкеледі. Ұлына Төрехан, қызына Ханбибі деген ат қойылады. Біраз уақыттан кейін Темірхан қайтыс болып, ел ішінде хан сайлау мәселесі көтеріледі. Бұл кезде Егізбай мен Сегізбай ел басқару ісінде тәжірибе жинап, ерлігімен танылған азаматтар болса, Төрехан жастығына байланысты мемлекеттік істерге араласпаған еді. Хандыққа үміткерлер талқыланған кезде жастар Сегізбайды қолдайды. Алайда ақсақалдар Төреханның анасы Нұрадын ханның қызы болғанын, ал Егізбай мен Сегізбайдың нағашы жұрты қалмақ екенін алға тартып, хандыққа Төреханды лайық деп таниды. Халық тілегімен Төрехан хан көтеріліп, алтын таққа отырады.
13. Басы:
Сөзге шебер сұңғыла, Елден шыққан бір залым.
14. Соңы:
Ерлікпенен ізгілік, Зұлымдықты жеңген тек.
15. Қосымша мәлімет
Төрехан батыр. Н.Байғанин. Шығармалар жинағы. – Алматы, 1956. – 255-416-бб; Төрехан батыр // Батырлар жыры. / Құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазғандар: М.Ғұмарова, О.Нұрмағанбетова, Б.Уахатов. – Алматы, – 1961. 238-342-бб; Төрехан // Ақсауыт / Құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазған – О.Нұрмағанбетова. – Алматы, 1977. –267-317; Төрехан. Н.Байғанин. Таңдамалы. / Құрастырған – О.Нұрмағанбетова. – Алматы, 1991 256-303-бб; Төрехан. // Бабалар сөзі. Жүзтомдық: Батырлар жыры 46-том. / Томды құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазғандар: Қ.Алпысбаева, С.Қосан, Қ.Тастанов. – Астана: Фолиант, 2008. – 356-410-б.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш