∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Төбет батыр туралы / توبه ت  باتر  تورالى

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Төбет батыр туралы / توبه ت  باتر  تورالى
3. Авторы (Айтушы)
Барболұлы Темешәлі (1900 ж.т.) – бұрынғы Ақмола уезінің Жаңаарқа өңірінде дүниеге келген. Руы – Кіші жүз, Жағалбайлы. Өмірбаянына қатысты өзге мәліметтер анықталмады.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Есжанұлы Кенжеғали (1924 ж.т.) – Орынбор облысы, Адамов ауданының тумасы. Жастайынан домбырашылық өнерімен танылып, ақындар айтысына қатысқан. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, хатқа түсірушілердің бірі.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1971 жылы 11 қарашада жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
732
8. Бет, жол саны, өлшемі
24; 21; 20х14,7; 18х11,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін жол дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Бір байдың Зиба есімді сұлу қызы мен Төбет атты бозбаланың арасында сүйіспеншілік сезімі тұтанады. Алайда бұл жағдайды көре алмаған ауыл жігіттері Төбетке дұшпандық жасап, оны қудалай бастайды. Соның салдарынан әкесі Төбетті қауіптен сақтандыру үшін басқа жаққа аттандырады. Жолға шығарда Зиба Төбетке амандық тілеп, жол азығын дайындап береді және қауіп төнсе, астындағы аты белгі беретінін ескертеді. Бірнеше күн жүрген Төбет қалың тоғайға келгенде, тұлпары кісінеп, жаудың жақын екенін сездіреді. Тоғайда жасырынған қарсыласы оған тұтқиылдан шабуыл жасайды. Екеуі жекпе-жекке шығып, шайқас соңында Төбет жауын жеңіп, аман қалады.
13. Басы:
بر حييال كه لدى كه ڭه س باستارما
14. Соңы:
باعشلا ورﻭقينا دوعاڭدى ته ز
15. Қосымша мәлімет
Соңғы бетінде “Төбет батыр қазіргі Қорғалжын жерінде туып-өскен адам болуы керек” деген ескерту бар.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш