∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сырым батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сырым батыр
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Беркінбаев Қажен. Атырау облысының тұрғыны. Жинаушы туралы өзге деректер анықталмады. Ол: «Жас кезімде ескі кітаптан жазып алдым, авторы есімде қалмапты», – деген мәлімет қалдырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1124
8. Бет, жол саны, өлшемі
71; 23; 21х17; 18х9
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Бірде Нұралы ханға Кіші жүздің батыры Сырым Датұлының келе жатқаны туралы хабар жетеді. Хан ордасына келген Сырым Нұралының халыққа көрсетіп отырған зорлығы мен әділетсіздігін бетіне басып айыптайды. Бұған ашуланған Нұралы хан нөкерлеріне батырды тұтқындауды бұйырады. Сырым қылышын суырып, ханға қарсы ұмтылғанымен, қарындасы Ақлима ара түсіп арашалап қалады, ауылына қайтып кетеді. Ауылына келгенде Теке Шағанақтың елді шауып, малын айдап кеткенін естиді. Сырым батыр соңынан қуып жетіп, Шағанақты қолға түсіреді. Шағанақ жанын кешіруді өтінгенімен, Сырым оны тұтқындап, айдап әкеткен жылқымен бірге еліне алып қайтады.
13. Басы:
Екі ғасыр бұрынғы, Екі басты аждаһа…
14. Соңы:
Ерліктері Сырымның Екі ғасыр жырласам, Таусылмайтын секілді.
15. Қосымша мәлімет
1990 жылы 6 қыркүйекте Атырау облыстық “Атырау” газетінде жарияланған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш