∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қамбар жыры

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қамбар жыры
3. Авторы (Айтушы)
Құлзақ Амангелдин
4. Жинаушы, тапсырушы:
Дәкен Шалабеков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1954 жылғы Қарағанды экспедициясы барысында Қарағанды облысы, Нұра ауданында жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
37
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 68 ; Ж. 27
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Торкөз дәптерге 1-7 бетке дейін қара қарындашпен, араб әрпімен, 7-32 бетке дейін көк сиямен, кирилл әрпінде, 32-33 беттер қара қарындашпен, араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб, кирилл әріптерімен аралас жазылған.
11. Жанры
Батырлық жыр
12. Қысқаша мазмұны
Жырдың негізі Ә.Диваев бастырған жырдың мазмұнына ұқсайды. Жыршы шығарманың кіріспесі мен соңғы сөзін, негізгі мәтіндердегі кейбір сөздер мен сөйлемдерді өзгерткен. Бұл жыр «Қамбар батыр»жырының ғылыми баспасында, «Қазақ әдебиеті тарихының» 1-томында зерттелген.
13. Басы:
Жақсылар, бастап айтайын
14. Соңы:
Алпыс арғын, тоқсан тобыр көңілі шат.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева