∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қамбар батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қамбар батыр
3. Авторы (Айтушы)
Келмембет Серғазиев
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сейітғаппарова Зүбайра
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1925 жылы Шымкент облысы, Түлкібас ауданында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
34
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 35; Ж. 54
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ұзын жолды дәптерге қара, көк, қызыл сияларды алма кезек пайдаланып жазған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпімен жазылған.
11. Жанры
Батырлық жыр
12. Қысқаша мазмұны
Әзімбайдың 6 ұлы, Назым деген сұлу қызы болады. Әзімбай жұртты жиып, қызына жігіт таңдатады. Назымға ешбір жан ұнамайды. Әзімбай келмей қалған адам бар ма дегенде , мерекеге келмеген Қамбар деген ер бар дейді. Оны естіген Назым сырттай ғашық болады. Қамбар мықты болып өскен екен. Жыршы Қамбардың сырт келбетін, батырлығын ерекше сипаттайды. Қамбар аңға барғанда Назым жолына өрмек құрып тосады. Қамбар елін асырау үшін құрған өрмегіне де қарамай өтпекші болғанда, Назым өзінің көңілі барын айтады. Қыздың алты ағасы Қамбарды ұрмақшы болады. Ең кіші ағасы Алшыораз оны ұрғызбайды. Қалмақ ханы Қараман «Назымды маған бер, бермесең еліңді шабамын» деп Әзімбайға адам жібереді. Әзімбайдың аулына қаптап келіп, қалмақтар жатып алады. Әзімбай Назымды Қараманға бермек боп, халықпен ақылдасады. Алшыораз Қамбарға кісі жіберіп, көмек сұрайды. Қамбар елін жаудан қорғауға келіседі. Қамбар жекпе-жекте Қараманды өлтіреді. Жыр осымен аяқталады.
13. Басы:
Жақсылар дастан айтайын
14. Соңы:
Тақиядай ұшады
15. Қосымша мәлімет
Дәптердің сыртында «Қамбар батыр» деп жазылған, шығарманың басында «Қара қасқа атты Қамбар бек» деп жазылған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева