∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сырымның жерге айтқаны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сырымның жерге айтқаны
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
990
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.22. 29х20; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкада терілген
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Сырым бір күні анасынан өзінің кімнен туғанын біле алмай дал болып, нақты дерегін білмек болып, мән-жайды сұрайды, анасы ол кезде аяғы ауыр, жерік болып тұрған кезі екен. Елдің бір жылғы көштегі көрген ауыр қиыншылығы мен сол қиын-қыстау кезден елді аман алып қалған, барды аузына қаратқан, көреген, парасатты адамды, және мына ішімдегі бала осы адамнан да асып туса деген арман-тілегінен дүниеге келгенін баяндап береді.
13. Басы:
Балам, саған жерік болып, тамақ талғап жүргенімде, ел Сауран айналып, алысқа көшті.
14. Соңы:
«Япыр-ай, мынау неткен ақылды адам еді, осындай байы болған немесе баласы боған ананың арманы бар ма екен!» − деп іштей тілеп едім, Құдай тілегімді беріп, сен тудың», − депті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова