∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қамбар батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қамбар батыр
3. Авторы (Айтушы)
Әнуарбек Шоқатаев
4. Жинаушы, тапсырушы:
Оқас Нақысбеков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1956 жылы Жамбыл облысының Мыңарал станциясында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
102
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 22; Ж. 11
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақшыл қызыл түсті кеңсе қағазына машинкамен бастырылған.
10. Қолжазба графикасы
Машинкамен кирилл әрпінде басылған.
11. Жанры
Батырлық жыр
12. Қысқаша мазмұны
Әзімбай қызыма күйеу таңдаттырам деп, ел-жұртын жидырады. Назым жиылған жұрттан ешкімді жақтырмай, үйіне қайтады. Әкесі Әзімбай шақырушылардан жиынға келмей қалған адам бар ма деп сұрағанда, біреу Қамбарды айтады. Халық келсін дегенде, Қамбар қайратымды көрсетіп, жауды жеңген күнде келемін деп, бармай қалады. Назым атқа мініп, Қамбардың аңнан қайтқанын жолын күтеді. Батырға көңілін білдіріп, сөйлескісі келгеніне қарамай кетіп қалады. Келесі күні Назым жолына өрмек құрып, торлаумен тоқтатпақ болады. Қамбар өрмекті турап өтіп, оған да тоқтамайды. Қалмақ ханы Қараман Әзімбайға Назымды бер, бермесең, еліңді шабамын деп кісі жібереді. Әзімбай елінің ақылгөйі Аюке бимен ақылдасып, Қамбарға астыртын кісі салады. Қамбар ел намысы үшін аттанбақ болады. Алты күн рұқсат сұрап, тобырларына тамақ үшін 60 құлан, 100 киік атып әкеп береді. Жетінші күні қалмақ ханы Қараманға келіп, оның он екі әскерімен жеті күн соғысқанда, қалмақ әскерінен екі мыңдайы ғана қалады. Қалғанына рақымшылық жасап, еліне қайтарады. Әзімбай бар жағдайын жасап, батырды жақсылап күтеді. Қамбардың алдынан Назым мен 95 жастағы Аюке ақылгөй шығып, қарт батасын береді. Әзімбайдың қызы үшін берген жасауы тоқсан үйлі тобырды асырауға жетеді. сұрайды. Біреу Қамбарды айтады. Сонда ноғайлының халқы Қамбар келсін, Назымжан сынап көрсін дейді. Қамбар «қайратымды көрсетіп, жауды жеңген күні барамын» деп, шақырғанға бармайды.
13. Басы:
Сөйле десең біздерге
14. Соңы:
Сонда Әзімбайдың қызға берген жасауы, алтын, күміс әбзәлі әлгі тобырды бөлек-бөлек қондыруға жарап еді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева