∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сырым батырдың Нұралы ханды шабуы / سىرىم باتىردىڭ نۇرالى حاندى شابۋى

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сырым батырдың Нұралы ханды шабуы / سىرىم باتىردىڭ نۇرالى حاندى شابۋى
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тілеужанов Мәтжан
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
464
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.22. 29х20; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге көк сиямен жазылған
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңызда екі түрлі оқиға айтылады. Бірі бейкүнә қыз-келіншектерге тиісіп, қорлық көрсетіп жүрген Нұралы ханның баласының себебінен Сырым батыр ханды шаппақ болғанда, ханның Үрімге қашып кетіп, орнына Сырымның хан болуы. Енді бірі дат балалары арасындағы бақталастық, күндестік. Осы алауыздыққа шыдай алмаған Сырым батырдың елден Үргеніш шаһарына барып тұруы, кейін сол Үргеніш шаһарында қайтыс болғандығы туралы айтылады.
13. Басы:
Нұралы ханның бір қатынынан Сығалы Қисық деген баласы болып, бір күні бір жақтан келе жатып, бір қыз-келінге бара қонып, кемпір менен шалын үйден қуып шығып, түнде ықтиярсыз қыз-келіншекті де қастарына алып жатыпты.
14. Соңы:
Сол Сырым би айтады екен: «Үйде, өрісте, қырда қазақты аузыма қаратсам да, Даттың алты тентегіне әлім жетпеді!» – депті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова