∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сырым батыр мен Нұралы хан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сырым батыр мен Нұралы хан
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
990
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.2; Б.4; Ж.22. 29х20; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сары кеңсе қағазына машинкамен басылған. Қағаздар ақ жіппен тігіліп, түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңызда Сырымның атасы Шоланның Орынбордан сауда істеп келе жатқан кезінде ұрылардың қолынан қаза табуы, ауылда қалған жүкті әйелінен Даттың дүниеге келуі, содан анасының түсіндегі аянымен үйленуі, көп ұзамай Сырым дүниеге келіп, бала кезінен өте алғыр, өжет болып өсуі, өсе келе елдегі кейбір би, төрелердің қитұрқы әрекеттеріне шыдай алмай, оларға қарсы шыға бастауы, сөйтіп Нұралы ханмен арадағы дау ұлғайып, ханға қарсы соғысқа шығуы, Сырымның Нұралы ханның ауылын шауып алғаны айтылады.
13. Басы:
Дат Байбақты − Шоланның баласы.
14. Соңы:
Сүйтіп Сырым Нұралы ханның ауылын өз адамымен осындай айламен шауып алыпты.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова