∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сырым батыр мен Байсал би

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сырым батыр мен Байсал би
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
990
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.22. 29х20; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкада терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңызда Шеркеш Байсал би мен Сырым батырдың арасындағы құдалық жайлы айтылады. Мұнда келісілген құдалық жастардың жараспай қалуы себебінен болмай қалады. Берген қалыңмалын қайтарып алуға келген Шеркеш Байсал биге Сырым батыр малын бермей, қуып шығады. Соңында екі жақ бұл дауды ханға барып жүгінумен шешуді ұйғарады. Екуі жолда ақылдасып, бұл істі ханға дейін апарып ушықтырмай, адай Атақозы биге жүгінеді. Соңында Атақозы бидің әділ шешімімен Байсалдың берген қалыңмалы қайтпай, Сырым батырда қалады.
13. Басы:
Сырым батыр шеркеш Байсал бимен құда болысады.
14. Соңы:
Алсаң, жесіріңді аласың, алмасаң, үйіңе барасың, – дейді Атақозы.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова