Байұлы руының бір адамы әлім елінде жүріп өлген екен. Соның құнын алуға Сырым батыр бастаған он екі кісі жол жүріпті. Құн алатын ауыл Бұйырғын деген жайлауда отырады. Оның Ақсуат деген биі бар екен. Сол биден құн дауын сұрып барған Байұлының жігіттерінің биді жеңіп, өздері айтқан құнды алып, даудың арты келісіммен, бітіммен аяқталады.