∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Сырым батыр
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Сырым батыр
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тілеужанов Мәтжан
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
910
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.2; Ж.28. 29х20; 22х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкада терілгенр. Қағаздар ақ жіппен тігіліп, түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңызда бір топ атты әскерімен Нұралы ханның ордасына шабуылға барғанда, ашулы Сырымды Нұралының көп қатындарының бірі, Сырымның туған қарындасы Ақлиманың тоқтау айтып, кері қайтарғаны жайында сөз болады.
13. Басы:
Сырым бастаған бір топ аттылы адамдар тікелей шауып келіп, Нұралы хан отырған киіз үйге келіп, аттарын тоқтата салып, жанындағы қылышын қынабынан суырыпты…
14. Соңы:
Сырым Ақлиманың сөзіне тоқтап: «Әй, шырағым-ай, иттің басын сұрап не қылғаның?» − депті де, қолындағы қылышын қынабына салып, атына мініп, жүріп кетіпті деседі.