∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Саркөз бен Жәнібек

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Саркөз бен Жәнібек
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
280
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 2; Ж. 31. 20х17; 19,5х15,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған. Қолжазба тысталған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Құба қалмақ заманында Ұлы жүздің Саркөз батыры қалмақ қамалын бұзып, үлкен ерлік көрсетеді. Бұған риза болған Орта жүздің Шақшақ Жәнібегі оны үйіне шақырып, дос болады. Алайда Саркөз Жәнібекті өз ауылына шақырмай, кетерінде жұмбақтап сөз айтады. Оның мәнін білмек болған Жәнібек бір жылдан кейін Саркөздің ауылына келеді. Сонда Саркөздің бәйбішесінің мінезі өте қатал екенін көреді. Мұны түсінген Жәнібек әйелді өлтіріп, оның құнына өз қарындасын қалыңсыз Саркөзге ұзатады.
13. Басы:
Ұлы жүз үйсін Саркөзге бағынады, Саркөз қатынға бағынады…
14. Соңы:
Жоғарыдағы мақал осы оқиғаға байланысты шыққан.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова