Бірде Бәймен би Сапақ ауылының мергені атып алған киікті сыйға ұсынғанда, оны «арам киік» деп қабылдамай, Сапаққа қайтаруды бұйырады. Кейін өсекшілер Сапақ Бәйменнің қызын балағаттады деген жалған сөз таратып, екі бидің арасына араздық түсіреді. Біраз жылдан соң Бәймен Құлдықтан жеңіліп, Сыр бойына көшкенде, жолда Сапақпен кездеседі. Сонда Сапақ оның жеңілісін астарлап айтып, ауыр сөзбен түйрейді. Осы сөзге қатты күйзелген Бәймен өзін «Сапақтың ажал оғына тап болдым» деп, Сыр бойына қарай аттанып кетеді.